Медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты онколог, Қазақстан онкологтары қауымдастығының мүшесі Райымқұл Қарақұлов онкологиялық ауруға шалдыққандар үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар коронавирус жұқтырса бұл үлкен проблема. Мұндай пациенттерді емдеу өте қиын. Ең алдымен, қандағы вирусты жою керек, содан кейін қатерлі ісікке қарсы терапия жүргізу қажет. Екі әдіс те адам ағзасына агрессивті. Қазір коронавируспен ауыратын онкологиялық науқастарды қалай емдеу керектігі туралы көптеген зерттеулер бар. Біз емдеу жұмыстарын жүргіземіз. Ең бастысы - профилактикалық режимді сақтау қажет. Атап айтар болсам, қолды жиі жуып, маска тағып жүру керек. Ал медициналық персоналдың міндетті түрде қорғаныш киімін қолданғаны абзал», - деді профессор.
Сонымен қатар, ол коронавирус инфекциясы онкологиясы бар науқастардың өміріне қауіп төндіретінін атап өтті.
«КВИ қатерлігі ісігі бар адамдар үшін қауіпті. Бұл әрине көптеген факторларға байланысты. Мұнда аурудың сатысы мен науқастың жасы да үлкен рөл атқарады. Егер метастаза болмаса, коронавирусты емдеу де жеңіл. Коронавирус инфекциясы аурудың төртінші сатысында пайда болатын жағдайлар да бар. Бұл қиын. Дегенмен емдеп жазуға тырысамыз», - деп толықтырды онколог.