05 қыр, 2019 сағат 11:09

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы облыстың мұнай сервистік кәсіпорындарының біріне барып, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізеді.

Сапар бағдарламасына сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысуы жоспарланған», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.