Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Каспий теңізінің жағасын аралап көріп, мұнда орнатылған қазақтың киіз үйіне кірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың Facebook-тағы парақшасына сілтеме жасап.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға барды.
Әзербайжан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Загульба» резиденциясында қарсы алды.
Мемлекет басшысы Бакуде Ильхам Әлиевпен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
Сондай-ақ Мемлекет басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.