16 сәу, 2021 сағат 09:41

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет

Қоғам өкілдерінің белсене атсалысуы және алдын алу шаралары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты құралдарына айналуы керек.

Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

«Қазіргі таңда менің тапсырмам бойынша «Қоғамдық бақылау туралы» заң дайындалып жатыр. Бұл құжат мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ, белсенді азаматтарға құқықтық бақылау құралдарын береді. Осы заң жобасының әлеуетін барынша пайдаланып, қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет», - деді Президент.

Айта кетейік, кеңес барысында Алик Шпекбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен босатылып, аталмыш лауазымға Марат Ахметжанов тағайындалды.