13 нау, 2025 сағат 10:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады


Фото: akorda.kz


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады.


Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.


Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.


Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: 2022 жылы – Ұлытауда,  2023 жылы – Түркістанда,  2024 жылы – Атырауда өтті.


Осыған дейін өткен Құрылтайларда қандай мәселелер көтерілгені туралы жаздық.