31 мам, 2023 сағат 17:48

Қаскелеңде көше бойымен 200-ге жуық жылқыны айдап өткендер жауапқа тартылды


Қаскелеңде 200-ге жуық жылқыны трассамен айдап өткен тұрғындар жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"30 мамырда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз біреулердің Қаскелең қаласының көшелерінің бірінде 200-ге жуық жылқыны айдап бара жатқаны түсірілген бейне анықталды.

Дерек аудандық полицияда тіркелді. Іздестіру жұмыстары барысында Қарасай ауданы ПБ ЖПҚБ қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігі (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу), сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі (аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша үш азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты" - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, құқық бұзушылармен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

видео: kaskelen.kz