Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов "Пантера" лақап атымен танымал Давид Сегарраны жеңді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жекпе-жек 16 қыркүйекте Монтебелло қаласында (Калифорния, АҚШ) Hollywood Fight Nights бокс кеші аясында өтті. Ол сегіз раундқа есептелген болатын.
Алайда Ахмедов қарсыласынан басым болып, ақыры техникалық нокаутпен жеңді. Үшінші раундтан кейін Сегарра жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Қазақстандық үшін бұл - кәсіпқойлар арасындағы 17-ші жеңіс, оның 13-ші ерте аяқталды.
Ахмедов соңғы рет 2020 жылдың желтоқсанында эквадорлық Карлос Гонгорамен жекпе-жек өткізіп, IBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласқан болатын. Сегаррамен жекпе-жек 1 тамызда өтуі керек еді, бірақ латынамерикалық боксшының коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже беріп, бокс кеші кейінге қалдырылған болатын.
Еске салайық, Ахмедовке IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы қолдау көрсетеді.
1170 рет оқылды