25 қаз, 2020 сағат 12:20

Қашықтан оқу: екінші тоқсан қалай болады?

Биыл елімізде ғана емес, әлемге ауыр соққан пандемия әсерінен көп жағдайлар орын алып, көп сала кенжелеп қалып отыр. Оның ішінде білім саласы да көп өзгеріске ұшырады. Барлық білім беру мекемелері есіктеріне қара құлып салып, білім алушыларды онлайн оқыта бастады. Ал биылғы оқы жылының екінші тоқсаны қалай жалғаспақ? Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Бас маманның айтуынша, оқу жылының басында білім беру форматына қатысты қызу пікірталастар болған. Қазіргі статистика қашықтан оқытудың тиімділігін көрсетіп отыр.

«Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстары өзгерген жоқ, яғни, білім беру онлайн-режимде жүргізіледі. Офлайн-режим тек 1-4 сыныптар мен 180 балаға дейінгі шағын мектептер үшін ғана сақталып отыр», - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлінің хабарлауынша, екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы мектепке барып оқиды. Белгілі болғанындай,  республикада барлығы 3,4 миллион оқушы бар, олардың басым бөлігі – 2,2 миллионы қашықтан оқуды жалғастырады.

Білім және ғылым министрлігі айтқан статистикадан байқалғандай, Қазақстанда екінші тоқсанда мектепке барып оқитын оқушылардың саны артады.

Екінші тоқсанда екі формат бойынша білім алатын балалардың болжамды саны:

қашықтан оқыту форматында – 2,2 миллион;

дәстүрлі форматта – 1,2 миллион, оның ішінде:

- 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып),

- шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы,

-13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық бала (1-7 сынып) оқиды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 3,4 миллион бала білім алып жатыр: қашықтан оқыту форматында – 2,4 миллион; дәстүрлі форматта – 953 мың, оның ішінде 647 мың бала кезекші сыныптарға (1-4 сынып), шағын жинақты 3047 мектепке 306 мың оқушы барып жүр.

Белгілі болғанындай, комиссия бірқатар шешім қабылдады: атап айтқанда екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептері дәстүрлі форматқа көшірілетін болды. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді.

Айта кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі білімге беруге көшуге қатысты бірнеше ұсыныс жасаған болатын. Олар денсаулық сақтау министрлігінде қаралатын болады.

«Білім министрлігі де ата-аналар мен педагогтар сияқты мектептердің жұмысын штаттық режимде қалпына келтіруді қалайды. Осыған байланысты біз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай дәстүрлі білімге көшудің бірнеше жолын ұсындық», - деді вице-министр Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қандай жағдайда да санитарлық аталпатрдың сақталғаны дұрыс. Себебі кей мектептердегі кезекші сыныптардың өзінен оқушылардың ауыра бастағаны байқалады. Мұндай жағдайда ешқандай тәуекелге бармай, қашықтан оқыту мен онлайн білім беруді жалғастырған абзал. Ал келер жылғы жағдайды тіпті болжауға келмейді. Себебі эпидеомологиялық жағдайдың қалай жалғасары белгісіз. Сондықтан әр нәрсеге сабыр етуді ұсынады жауапты мамандар.

Естеріңізге кетейік, биыл елімізде ғана емес, әлемге ауыр соққан пандемия әсерінен көп жағдайлар орын алып, көп сала кенжелеп қалып отыр. Оның ішінде білім саласы да көп өзгеріске ұшырады. Барлық білім беру мекемелері есіктеріне қара құлып салып, білім алушыларды онлайн оқыта бастады. Ал биылғы оқы жылының екінші тоқсаны қалай жалғаспақ? Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеген болатын. Оның айтуныша, қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстары өзгерген жоқ, яғни, білім беру онлайн-режимде жүргізіледі. Офлайн-режим тек 1-4 сыныптар мен 180 балаға дейінгі шағын мектептер үшін ғана сақталып отыр.