
Биыл Қашағанда шикі газ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Президенттің тапсырмасына сәйкес осы жылы Қашаған кен орнының шикізат базасында құны 860 млн доллар тұратын, қуаты 1 млрд текше метр шикі газ өңдеу зауытының құрылысын бастау жоспарлануда. Жобаны табысты іске асыру үшін мемлекет бірқатар мәселелерді пысықтады. Атап айтқанда, жоба шикізатпен, инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, жобаны қаржыландыру мәселесі пысықталды», - деді Нұрлан Ноғаев.
