Фото: elements.envato.com
Қазақстанда қаржы пирамидасын жарнамалаған блогерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Юрий Ли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Мәжіліс отырысында депутат Дания Еспаева блогерлер, вайнерлер және басқа да қоғамдық пікір көшбасшылары қазақстандықтарды қаржы пирамидасына тартқаны туралы айтты.
"Қарастырылып жатқан заң жобасы аясында бастамашылар қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынып отыр. Бірақ Қылмыстық кодекстің кейбір нормаларының кейбір санкциялары қатайтылып, жаңа 217-бап енгізіліп жатыр, бірінші - ескерту, ол: "Қаржы, инвестиция пирамидаларын жарнамалау" деп аталады. Айтыңызшы, енгізіліп жатқан өзгерістер танымал тұлғалардың жарнамадағы айла-шарғысының алдын ала ма" - деп сұрады Еспаева.
Депутат Юрий Ли заң жобасында ұсынылып отырған шара қаржы пирамидалары сияқты құбылысқа нақты заңнамалық жауап екенін айтты. Оның ойынша, бап енгізілгеннен кейін "белгілі адамдар, блогерлер, вайнерлер және басқа да қоғамдық пікір көшбасшылары белгілі бір қаржылық өнімдерді жарнамалау кезінде әлдеқайда сақ және жауапты болады".
"Бұл үшін (қаржы пирамидаларын жарнамалау - еск.) қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Анықтама үшін, бірінші бөлімге сәйкес, бұл әрекет 2000 АЕК (2022 жылы 6 миллион 126 мың теңге - еск.) мөлшерінде айыппұл салу немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту және шектеу, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жазалануы мүмкін. 4-бөлігі - біліктілік құрамы. Онда қылмыстық жаза мүлікті тәркілей отырып 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру болуы мүмкін. Сондықтан, бұл өте қатаң алдын алу шарасы. Бірақ, әрине, құқық қорғау органдарының қызметі мен еліміздегі қаржылық сауаттылық деңгейінің айтарлықтай артуы туралы ұмытпау керек", - деп жауап берді Юрий Ли.
647 рет оқылды