Фото: ашық дереккөз
Ақмола облысының Қосшы қаласында тұратын әйел өз енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп, құрбысының алдындағы қарызын жапқан. Бұл әрекетін жасыру үшін үйіндегі заттарды әдейі шашып, ұрлық болғандай көрініс жасап, полицияға жалған арыз түсірген, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқиғаны Қосшы қаласының прокуратурасы мен жергілікті полиция бөлімінің тергеушілері мұқият тексеріп, істің мән-жайын анықтады. Нәтижесінде азаматша «Н»-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 419-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық іс қозғалды.
Прокуратура өкілдері мұндай әрекеттердің бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
