"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қала билігінің жұмысын бағалау үшін жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Кәрім Мәсімов мұнда Алматы халықаралық әуежайының қауіпсіздік жүйесімен танысып, оның инженерлік-техникалық тұрғыдан жабдықталғанын және мегаполистің теміржол мен автовокзалдың антитеррорлық қауіпсіздігін тексереді.
Сонымен қатар, Премьер-Министрдің кестесінде «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына және «Байсерке Агро» ЖШС агроөнеркәсіптік кешеніне бару жоспарланған.
Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінің арнасын жөндеу жұмысын тексереді. Осыған дейін Үкімет отырысында Премьер-Министр Алматы қаласындағы селдің алдын алу бойынша жауапты қалалық қызмет орындарының жұмысын бақылауда ұстауға уәде берген еді.
Кәрім Мәсімов өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан «Саялы» шағын ауданында болып, жас отбасыларға пәтер кілтін тапсырады.
Сонымен қатар, Премьер-Министр қысқы Универсиадаға арнап салынып жатқан нысандарда болып, Мұз сарайы мен Атлетикалық ауылдың құрылысын қарап шығады.
Кәрім Мәсімов сондай-ақ А. Байтұрсыновтың үй-музейін аралауды жоспарлауда.
Премьер-Министрге қала дамуының Бас жоспары таныстырылады. Жұмыс сапарын қорытындылай келе ол банк қызметі және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде екі үлкен кеңес өткізеді.
Анықтама үшін:
Алматы – Қазақстан Республикасының ең ірі мегополисі, халқы – 1,7 миллионнан астам.
Қала 2015 жылы ЖӨӨ көлемі бойынша бірінші орында тұр – 21,2%. Мегополистің экономикалық құрылымы жағынан сауда секторы (30%) және қызметі (50%-дан астам). Өнеркәсіп қаланың ЖӨӨ бойынша 5% құрайды, кәсіпорындардың басым бөлігі тамақ өнімдеріне бағытталған. Алматы экономикасының басым секторы жоғары өсуді көрсетеді.
Қаланың ірі логистикалық хабында Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық тас жолы бар. Елдің сыртқы сауда айналымының шамамен 20%-ын қамтамасыз етеді. Алматы тек қана мемлекеттің қаржы-экономикалық, ғылыми және білім беру, өнеркәсіптік және мәдени орталығы ғана емес бүкіл Орталық Азия аймағының орталығы болып есептеледі.