02 сәу, 2020 сағат 10:20

Қарағандыны әскери қызметшілер дезинфекциялап жатыр

«Астана» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары Қарағандының басты көшесіне дезинфекция жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әскери қызметшілер Бұқар жырау даңғылын залалсыздандырды. Олар жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы киіммен жұмыс істеп жатыр және залалсыздандыру жұмыстары барысында арнайы қоспаларды пайдаланды.

Залалсыздандыру шараларына 50 сарбаз тартылып, 7000 текше метр арнайы ерітінді пайдаланылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды әскери көлік инспекциясы мен қала полицейлері бақылап жүрді.

Айта кететін мәселе, залалсыздандыруға арналған ерітінділер тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізбейді. 

Қолға алынған шаралардың барлығы тек азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр.