Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Қарағанды облысында жүк пойызының жолдан шығып кетуінен болған апаттың салдарын жоюға жәрдемдесуде. Оған жеке құрамнан 100-ден астам адам мен арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетсек, оқиға биыл 1 ақпанда болды. Жүріп келе жатқан жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кеткен. Салдарынан теміржол төсемі, электр желілері зақымдалды. Әскери эшелондардың қозғалысына орын алған оқиға әсер еткен жоқ.
Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін азаматтық міндеттерді шешуге жұмылдыру ел экономикасын одан әрі дамыту мақсатында ұлттық көлік инфрақұрылымының тұрақты түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.