#
#
Cәрсенбі 08/07/2020

Қарағандыда әскери қызметшілер аумақтар мен ғимараттарды дезинфекциялауға көмектесуде

  • 26.03.2020
  • 0
  • 228

Қарағандыда әскери қызметшілер аумақты, ғимараттар мен нысандарды дезинфекциялайды. ҚР Қорғаныс министрлігі қала билігіне көмек ретінде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің сарбаздарын жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дезинфекциялау жұмыстарын әскери қызметшілер 26 наурызда бастады. Бүгін теміржол және автовокзалдарды арнайы өңдеу жүргізілді. 

Облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Екі пациент емдеу курсын алуды жалғастыруда. 

Тәулік бойы бақылау жасайтын карантинде 314 адам бар. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Тағы 152 адам үй жағдайында карантиннен өтуде. 

Облыста 9000-нан астам нысанда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді. Міндетті қауіпсіздік шараларының орындалуы қадағаланады. Тәртіп бұзушылықтар нысандардың қызметін тоқтатуға дейін қатаң жаза қолдану арқылы жойылуда. 

Тәртіп бұзушыларға қатысты полицейлер сотқа 45 әкімшілік іс тапсырды. 12 дерек бойынша кінәлілер айыппұл төлейді. 5-і әкімшілік қамауға алынды. Қалған 28 іс алдағы күндері қаралатын болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар