19 жел, 2022 сағат 16:55

Қарағанды вокзалы маңында 17 адам ұсталды


Қарағандыдағы вокзал маңында 17 адам ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

"19 желтоқсанда сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті. 17 адам ұсталды", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан қашпақ болып, қызметтік көлікті соғып кеткен. Сондай-ақ, ұсталғандардың бірінен қару тәркіленген.

Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.