Фото: Polisia.kz
Абай облысында полиция алаяқтық дерегін анықтап, күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Ult.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Үржар ауданының 24 жастағы тұрғыны 2025 жылғы ақпанда алаяқтық құрбаны болғанын хабарлады. Тергеу барысында 44 жастағы әйел жәбірленушінің сеніміне кіріп, «диплом алуға көмектесемін» деген желеумен 600 мың теңге қаражатты иемденгені анықталды. Уәде етілген құжат берілмеді.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктінің келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.
