
Қарағанды облысының Шахан кентінде коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғасы тіркелді.
Осыған байланысты Шахтинск қаласының бас санитарлық дәрігері аталған елді мекенде шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде вирус жұқтырғандардың нақты саны әлі анықталған жоқ. Себебі ПТР-тест нәтижелері әлі дайын емес. Ведомство инфекция ошағы оқшауланғанын және дәрігерлер байланыста болған адамдарды анықтағанын хабарлады.
«Мекемеде дезинфекциялық өңдеу жүргізілді. Барлық науқастарға қажетті ем көрсетіледі. Ауыр халдегі науқастар жоқ», - деп атап өтті Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде.
Шахан кентінде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың облыстық көрсеткішінен асып кетуіне байланысты Шахтинск қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері бірқатар шектеу шарасын енгізу туралы шешім қабылдады.
Осылайша, мынадай қызметтерге тыйым салынады:
- мектепке дейінгі балалар мекемелері;
- балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметі;
- спорттық-сауықтыру орталықтарының, тренажер залдарының, спорт үйірмелерінің/секцияларының жұмысы;
- жәрмеңкелер;
- мәдениет объектілерінің.
Жалпы білім беретін мектептер қашықтықтан оқыту форматына көшуде.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс күндері мынадай шектеу шаралары енгізіледі:
- сенбі және жексенбі күндері моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру;
- сенбі және жексенбі күндері базарлардың жұмысын тоқтата тұру.
Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметін сағат 09-00-ден 20-00-ге дейін шектеу (50% - ға дейін толтырылған жағдайда, залда 30-дан аспайтын орын орната отырып, әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізбей).
Қызмет көрсету саласындағы субъектілердің (Екінші деңгейдегі банктер, пошта бөлімшелері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, адвокаттық және нотариаттық кеңселер, ломбардтар, микроқаржы және микрокредиттік ұйымдар, сақтандыру компаниялары) қызметін (алдын ала жазылу бойынша) сағат 09-00-ден 16-00-ге дейін шектеу.
Демалыс күндері (сенбі және жексенбі) Шахтинск-Шахан-Шахтинск қатынасындағы қала маңындағы тұрақты жолаушылар тасымалдарының қозғалысы тоқтайды.
Тұрғындарға қызметіне рұқсат етілмеген объектілерге баруға тыйым салынады, сондай-ақ олардың жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға тыйым салынады.
Қаулы 2021 жылғы 6 ақпанда сағат 00-00-ден бастап күшіне енеді.
