03 мам, 2022 сағат 18:44

Қапшағай ресми түрде Қонаев болып өзгерді

© Sputnik / Тимур Батыршин

Қапшағай қаласының атауы ресми түрде Қонаев болып өзгерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін: Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын", - делінген Жарлық мәтінінде.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.