09 ақп, 2023 сағат 16:06

Қаңтарда баспана бағасы қалай өзгерді?

сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда тұрғын үйді жалға алудың төмендеу үрдісі жалғасып жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтарда өткен аймен салыстырғанда орташа шығын 2,5 пайызға төмендеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

"Бір айда (2023 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың желтоқсанына дейін) жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,7 пайызға, пәтерлерді қайта сату бағасы 0,3 пайызға өсті. Жалдау ақысының төмендеу тенденциясы жалғасып, қаңтарда өткен аймен салыстырғанда 2,5 пайызға төмендеді", - делінген хабарламада.

Қаңтарда баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы келесідей болды:

- жаңа үй - 481 891тг;

- қолданыстағы үй - 515 019 тг;

- жалға берілетін үй - 4 671 тг

"Бір жылда (2022 жылғы қаңтар - 2023 жылғы қаңтар аралығында) қолданыстағы пәтерді қайта сату бағаcы - 18,7 пайыз, жаңа баспананы сату 14 пайыз қымбаттады. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны 34,3 пайыз артты", - деп толықтырды Бюро өкілдері.