19 сәу, 2022 сағат 13:07

Қаңтар оқиғасы: Шымкент пен Таразда әкімдікке шабуылдаған 30-дан астам адам қаза болған


Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздікте Шымкент әкімдігіне жасалған шабуылдың жай-жапсарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"5-6 қаңтарға қараған түні Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратына қарулы шабуыл басталды. Қоғамдық тәртіпті сақтауға, үш мыңнан астам адамның агрессивті шабуылына тосқауыл қоюға полиция қызметкерлері шықты. Шабуылға шығушылардың көпшілігінде атыс қарулары болды. Ал полиция қызметкерлері тек резеңке оқтар мен жарық-шу гранаталарын қолданды", - деп хабарлады Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, үш қарулы шабуыл мен қызметкерлердің өміріне қауіп төнгеннен кейін ғана полиция атыс қаруын қолдану туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде 20 шабуылшы өлтірілген.

Елдос Қилымжанов 6 қаңтарда Тараз қаласының әкімдігі мен Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараттарына осындай қарулы шабуыл жасалғанын айтты.

"Шамамен 500 адамнан тұратын қарулы топ ғимараттарға оқ жаудырды, нәтижесінде полиция қызметкері қаза тапты. Құқық қорғау органдары жауап ретінде оқ жаудырды, нәтижесінде 11 қылмыскер қаза тапты.

Медициналық зерттеулердің нәтижелері бойынша 9 шабуылдаушы мас, екеуі есірткі заттарын қолданған", - деді Қилымжанов.