© AFP 2023 / PHILIPPE HUGUEN
Ақмола облысында қаңғыбас иттердің етін сатқан азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Ер адамға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпанда Шортанды ауданы Дамса кентінің 41 жастағы тұрғынына қатысты жануарларға қатыгездік көрсету туралы қылмыстық іс тіркелген болатын. Ер адам қаңғыбас иттерді ұстап алып, олардың етін сатқан. Тінту кезінде ер адамнан 750 келі ит еті табылған.
Астана қаласындағы кафелердің бірінің иесі бұрын күдіктіден 150 келіге жуық ет сатып алғанын, ол үшін 100 мың теңгеден астам ақша төлегенін айтқан.
Фото: Polisia.kz
"Полиция қызметкерлері анықтағандай, ер адам бұрын ветеринария саласында жұмыс істеген және иттерді қалай атуға болатынын білген. Тәртіп сақшылары тінту барысында күдіктіден Аделин-супер препаратымен 26 дана дарт, 190 дана дартпен 19 пластинка, қызғылт түсті 11 дарт, көк түсті бір дарт, инесі бар шприц, мылтықтың дүм қолсабы, мойыны табылды, олар соттан кейін жойылды.
Айта кету керек, қылмыстық іс қабылданғаннан кейін Шортанды ауданы полиция бөлімінің анықтаушысы істің 4 томдық материалына қарамастан, хаттамалық нысан бойынша материалды екі апта ішінде сотқа беріп үлгерді.
Ал 26 маусымда Шортанды ауданы сотының үкімімен ер адамға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл 690 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда ер адам айыппұлды төледі" - делінген ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.
Полиция қызметкерлері азаматтарға жануарларды заңсыз атуға және оларға қатыгездікпен қарауға заңмен тыйым салынғанын еске салады. Осыған байланысты, егер біреу қатыгездікке куә болса, шұғыл түрде полицияға хабарласуды сұрайды.