13 қаз, 2021 сағат 07:39

«Junior Eurovision 2021» ұлттық іріктеуінің 10 финалисі анықталды


12 қазан күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Junior Eurovision 2021» халықаралық ән байқауының Ұлттық кезеңінде финалған өткен 10 орындаушының есімі белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрермендердің онлайн дауыс беруі жобаның ресми сайтында (jevision.khabar.kz) өткізілді. Оның нәтижесінде 10 финалист анықталды: 

1. Амантай Айғаным Айбекқызы

2. Бекнұр Жәнібекұлы

3. Асгатова Амина Бауржанкызы

4. Саакян Армен Ервандович

5. Хамзин Алинур Азаматович

6. Табарина Екатерина Денисовна

7. Маким Жан Алиұлы

8. Түгелбай Әлімжан Майрамбекұлы

9. Жұмабай Әбілқайыр Досанұлы

10.Суленова Адина Ерлановна

Гала-концерт 2021 жылдың 6 қарашасында «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Өткен жылғы дәстүрмен еліміздің композиторлары финалистерге арнап 10 ән жазып беретін болады. «Junior Eurovision» Ұлттық іріктеу жеңімпазын әділ қазылар алқасының бағалауы және қазақстандықтардың SMS-дауыс беру нәтижелері анықтайды. Ұлттық іріктеу жеңімпазы Қазақстанның атынан 19 желтоқсан күні Парижде өнер көрсетеді.

Еске салайық, аталмыш байқауға Қазақстан төртінші рет қатысады. Бұл - «Хабар» агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр. 

Ұлттық іріктеудің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары: @jevision.kz; @msm.govrk.