Фото: aa.com.tr
Израиль әскері екі айлық тыныштықтан кейін Газа секторындағы Хамас нысандарына әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлайды Ult.kz.
Times of Israel мәліметінше, шабуылды бастау туралы бұйрықты премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кац берген.
Себебі Хамас израильдік тұтқындарды босату туралы барлық ұсыныстан бас тартқан. АҚШ пен халықаралық делдалдар қатысқан келіссөздер нәтиже бермеді.
Шабуыл салдарынан 130 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды . 19 қаңтардан бері күшінде болған атысты тоқтату режимі бұзылды.