12 қаң, 2018 сағат 11:06

Италияда циркте жануарларды пайдалануға тыйым салынды

Италияда циркте жануарларды пайдаланудан сатылай құтылу туралы шешім қабылданды. Бұл "ойын-сауық шараларын қайт жасау" туралы заңның тарауында көрсетілген, - деп хабарлайды pnp.ru жергілікті Corriere della Sera газетіне сілтеме жасап. 

"Енді Италияда әлемнің 50 еліндегідей циркте және жылжымалы қойылымдарда жануарларды пайдалануға болмайды", - "Вивисекцияға қарсылар лигасының" өкілдері.   

Eurispes саяси, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген сауалнама қорытындысы италиялықтардың 71 пайызы циркте жануарларды пайдалануға тыйым салуды қолдайды екен. 

Дегенмен бұған қарсылар да бар, мәселен сенатор Карло Джованарди мұндай тыйым "цирктің ұлы мәдениеті мен тарихи дәстүрін жояды" деген ойда. 

Ал бұл заң парламентте қаралып жатқанда Монтечиторио сарайы алдындағы алаңда цирк әртістері шеру өткізген болатын. 

kaz.tengrinews.kz