09 қаз, 2020 сағат 06:34

Италия тұрғындарына таза ауада да маска тағу міндеттелді

Италия билігі коронавирустың екінші толқынын болдырмауға тырысуда.

Апенниныда 24 сағат ішінде 4458 адамнан инфекция анықталды, бұл бір күн бұрынғымен салыстырғанда мың адамға артық. Бұл сонымен қатар сәуір айының басынан бергі күн сайын анықталатын коронавирус жұқтыру жағдайларының ең көп өсімі, деп хабарлайды Euronews

Эпидемиялық жағдайдың ушығуына байланысты ел үкіметі азаматтарды мемлекеттің барлық аумағында, тіпті, ашық ауада да маска тағуға міндеттеді. Жалғыз немесе жақын адамдармен бірге болғанда, 6 жасқа дейінгі балаларға, созылмалы аурулары бар адамдарға, сондай-ақ таза ауада спортпен айналысушыларға ғана маска тақпауға рұқсат етіледі. 

Маскалық режимді бұзғаны үшін 400-ден 1 000 еуро дейін айыппұл салуу қарастырылған. Сондай-ақ билік өнеркәсіптік және экономикалық жаңа шектеулерге жол бермеуге тырысуда. Дегенмен жергілікті жағдайға байланысты «қызыл аймақтар» енгізілуі мүмкін. Бұған дейін үкімет ТЖ режимін 2021 жылғы 31 қаңтарға дейін ұзартқан болатын.