17 қар, 2019 сағат 08:30

Италия су басқан Венецияға жәрдемдесу үшін қосымша қаржы жинауда

Италия билігі су тасқынынан зардап шеккен Венецияның «жалпыадамзаттық мұрасын» қалпына келтіруге көмектесуге шақырып жатыр, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Қала басшылығы қаржылай көмек берем деушілерге арнап шот ашқан. Бұдан тыс, қалаған адам sms жіберу арқылы 2 еуро бөлуіне болады. Италия Мәдениет министрлігінің бастамасымен қайырымдылық акциясына барлық байланыс операторы қосылған.

Жекелеген ұйымдар еріктілерді қаладағы белгілі бір музейге, кітапханаға, мектепке, шіркеуге көмектесуге шақырып жатыр. Мысалы, «Ла Скала» театры осы демалыс күндері болатын спектакльдерінің билетінен түскен қаражатты түгелдей Венецияның «Ла Фениче» театрына жібермек.

Еске сала кетейік, тарихи қала Венецияны су басып, төтенше жағдай енгізілген болатын. Табиғи апат салдарынан келген залалдың мөлшері 1 миллиард еуроға дейін жетуі мүмкін.