16 нау, 2020 сағат 07:27

Италия бір тәулікте коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша бірінші орында тұр

Италия бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша көш бастап отыр. Осы уақытқа дейін елде 368 адам өмірден озған. Азаматтық қорғаныс мәліметінше, эпидемия басталған уақыттан бері 1809 адам Covid-19 құрбаны болған. Ауру жұқтырғандар саны 24740 адамға жетті, деп хабарлайды Еuronews агенттігі.

Ең қатты зардап шеккен өңірлер – Ломбардия мен оның астанасы Милан. Жергілікті денсаулық сақтау саласындағы жағдай Италия билігін ғана емес, бүкіл Еуропаны алаңдатып отыр. 

Ломбардиядағы интенсивті терапия бөлімінде 800 адам жатыр, жатын орын мүлдем жетіспейді. Милан жәрмеңкесіндегі екі павильон аумағынан 500 орындық уақытша аурухана салу жобада бар. 

Басқа қалаларда, соның ішінде Римде төтенше жағдайды ретке келтіру үшін жансақтау және интенсивті терапия бөлімдері шұғыл құрылып жатыр.