26 сәу, 2020 сағат 16:42

Италия 4 мамырдан бастап карантин режимін жеңілдетпек

Италия 4 мамырдан бастап карантин режимін жеңілдетпек. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жедел штабынан мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жедел штаб таратқан мәліметке қарағанда, Италия Премьер-Министрі Джузеппе Конте Италия карантин режимін бұдан әрі соза алмайтынын айтқан. Себебі "қатаң карантин жалғаса берсе, елдің әлеуметтік-экономикалық құрылымы нашарлауы мүмкін".

Сондықтан мемлекет 4 мамырдан бастап біртіндеп карантин режимін жеңілдетпек.

Жақын арада музейлер мен көрнекі орындар ашыла бастайды. Дегенмен осы маусымда Италияда тек жергілікті халық қана демала алады. Шекара жыл соңына дейін жабық болмақ.