05 қаң, 2026 сағат 12:08

Ирандағы сегіз күндік наразылықтарда 18 адам қаза тапты

Фото: ашық дереккөз

Күрд құқық қорғау ұйымы Hengaw Иранда сегіз күнге созылған наразылықтар барысында 18 адамның қаза тапқанын, ал кемінде 170 адам ұсталғанын, олардың арасында әйелдер мен балалар да бар екенін растады.

Бүгін полиция Тегеран мен Бушер қалаларында шерушілермен қақтығысып, акция қатысушыларын тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды. Осындай қақтығыстар Лахиджанда да тіркелді.

Бірқатар қалалардың тұрғындары интернет жұмысының іркілістері болғанын хабарлады. Наразылыққа шыққандар Ислам Республикасының негізін қалаушы Хомейни мен Жоғарғы көшбасшы Хаменеидің бейнелері бар баннерлерді өртеп, биліктің әрекеттеріне наразылық білдірген.