07 қаң, 2017 сағат 10:18

Ирак армиясы Мосулдың стратегиялық маңызды ауданын басып алды

Ирак армиясы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы содырларын Мосулдың стратегиялық маңызы бар ауданынан ығыстырды. Түнгі операция нәтижесінде үкімет күштерінің Мосулдың Мутан кварталын алғаны хабарланды. Төбеде орналасқан бұл аудан қаланы биіктен бақылауға мүмкіндік береді.

Өткен жылғы қазан айының соңынан бері күрдтердің пешмерга қарулы тобы, араб сүнниттерінің тайпалары мен шиит еріктілерінің жасақтары АҚШ жетекшілік ететін коалиция әскери ұшақтары мен кеңесшілерінің қолдауымен Мосулдың шығыс бөлігінің үштен екісіне бақылау орнатқан.

Осы аптада Ирактың екінші ірі қаласы - Мосулды «ИМ» содырларынан азат ету бойынша 12 апталық науқанның екінші фазасы басталды.

100 мыңдаған Ирак әскері мен Күрд қауіпсіздік күшінің қатысуымен ұйымдастырған операцияға қарамастан, ИМ кескілескен қарсылық танытуда.

Содырлар әскер нысандарын зақымдап, снайпер, жанкешті лаңкестерді пайдалануда. «Жанды қалқан» ретінде қорғану үшін Мосулдың бейбіт тұрғындарын пайдалануда.

ИМ содырлары Ирактың екінші ірі қаласы Мосулды 2014 жылы жазда басып алған.