19 қаң, 2024 сағат 17:14

Ипотека мен тұтынушылық несие арзандауы керек - Ұлттық банк басшысы

Фото: primeminister.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің несие өнімдері арзандауы керек деп мәлімдеді. Бұл базалық мөлшерлеменің төмендеуіне байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Базалық мөлшерлеме төмендейді. Екінші деңгейдегі банктер осы мөлшерлемеге сүйене отырып, несиелік өнімдерінің құнын анықтайды, мейлі ол бизнес несиесі, ипотека, тұтынушылық несиелер және т.б. Сондықтан, базалық мөлшерлеменің төмендеуі жүйе бойынша несие өнімдері құнының төмендеуіне алып келуі тиіс", - деді Сүлейменов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.