Фото: ашық дереккөз
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ бас хатшысы Таалатбек Масадықов (қазіргі ұйым басшысының орынбасары) болады, деп мәлімдеді Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
Тағайындау туралы шешімді 27 қарашада Бішкекте ҰҚШҰ-ға мүше елдердің (Ресей, Қазақстан, Беларусь және Қырғызстан) президенттері қабылдайды.
Армения саммитке қатыспайтынын, алайда Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне «қарсы емес» екенін Ушаков атап өтті.
