Фото: t.me/odkb_csto
Бүгіннен бастап Иманғали Тасмағамбетовтің орнына Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы қызметіне Таалатбек Масадыков кірісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап Ult.kz.
2025 жылы қарашада Иманғали Тасмағамбетовтің Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы қызметінен кететіні мәлім болды. Оның орнына 2026 жылдың 1 қаңтарында қырғызстандық Таалатбек Масадыков келетіні хабарланған еді.
Бүгін ҰҚШҰ сайтында ҰҚШҰ Бас хатшысы ретінде таныстырылған Таалатбек Масадыковтың Жаңа жылдық құттықтауы жарияланды. Осылайша Иманғали Тасмағамбетов ресми түрде қызметінен кетті.
Естеріңізге сала кетейік, Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның бас хатшысы лауазымын 2023 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.
Ол бұл қызметте Беларусь елінің өкілі Станислав Засьты алмастырған еді.
