24 қар, 2025 сағат 15:58

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетеді

Фото: ашық дереккөз

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кете­тіні хабарланды. 

27 қарашада Бішкекте ұйым ауқымында бірнеше маңызды шара өткізіледі: ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің сессиясы, сонымен қатар ұйымның жаңа бас хатшысы сайланатын болады. Үміткер 2026–2029 жылдарға арналған үшжылдық мерзімге ұсынылады.

Сессияның барысында мүше мемлекеттердің шоғырландырылған қауіпсіздік тұрғысындағы ұстанымдарын көрсететін арнайы Декла­рация да қабылданады деп күтілуде.

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның бас хатшысы лауазымында 2023 жылдың қаңтарынан бастап қызмет еткен.