#
#
Бейсенбі 06/08/2020
17:22 Үндістанда ауруханада болған өрт 8 адамның өмірін қиып кетті 17:16 Карантинде отбасында жанжал шығаратындарды бақылаудың жаңа тәсілі енгізілді 16:56 Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ 16:35 Коронавирус жұқтырғандардың 85 пайызы медицина назарынан тыс қалуы мүмкін – дәрігер 16:32 Жаңа оқу жылында оқушыларға арналған интернет тарифтік жоспары іске қосылады 16:25 Бірінші жартыжылдықта мемлекет келтірілген 21,1 млрд теңге экономикалық шығын өтелді 16:06 Қазақстанда 200-ден астам адам ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдырады 16:00 Эйфель мұнарасы Бейруттағы жарылыс құрбандарын еске алу үшін түнде жарықтарын өшірді 15:55 Алматыда КВИ жұқтырған жас босанған әйел ауыр халде жатыр 15:43 Коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауға қатысты кеңес өтті

Иманғали Тасмағамбетов болса не істер еді?

  • 08.02.2019
  • 0
  • 5953

Бес бірдей сәбидің өлімі есеңгіретіп тастады. Ойыма он шақты жыл бұрынғы үлкен қасірет түсіп отыр.

Астаналық ер азамат сапарға кетіп қалғанында бүкіл отбасын - келіншегін, үш баласын қанішерлер өлтіріп кеткен еді. Танымайтын адамым. Сонда да болса мекен-жайын тауып алып, көңіл айтуға бардым. Кісі қарасы көп екен. Бір сәт Иманғали Тасмағамбетов бастаған топ келді. Жігітке қазақ салтымен көңіл айтты. Аза тұтқан азаматты Иманғали Тасмағамбетов те танымайды екен. Сонан соң жанындағы қызметкерлеріне қайғы жұтқан азаматты жүгіртпей, жерлеу рәсімдерін түгелдей ұйымдастыруды тапсырды. Жұрттың көзінше қалалық ІІД бастығына оқиғаның анық-қанығын журналистерді жинап, жасырмай айтып беруді міндеттеді. Сол жерде білгеніміз - күдік осы үймен араласып жүрген кәріс жігітіне түсіпті. 

Расында да, кешкісін ІІД журналистердің басын қосып, кәріс жігітті қылмысты мойындағынын, жанында бір шешен жігіті болғанын, мұның Шешенстанға қашып үлгергенін хабарлады.

Әдетте шет елден қылмыстыны қайтару ұзаққа созылатын шаруа. Бұл жолы ұзамай-ақ шешен жігітті Астанаға алып келгенін көрсетті. Тергеумен шұғылданған інішектерді танушы едім. Жай-жапсарын сұрадым. Еңбек Иманғалидікі екен. Шешен басшысы Рамзан Кадыровқа Имекеңнің өзі тікелей шығып, қылмыскерді ұстап беруді талап етіпті. Қашқынның кінәлі екеніне өзі кепіл болыпты. Рамазан "Сіз куәлікке жүрсеңіз, Сіз өтінсеңіз еш әңгіме жоқ" деп тығылып жатқан қанішерді ұстатып, бізге тапсырыпты.

Астанадағы бес сәбидің қасіреті осы оқиғаны еске түсірді. Салыстырып отырмын. Кім, қандай, өзі?

Камал Әбдірахманның фейсбуктегі жазбасынан

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар