27 мау, 2019 сағат 11:46

Илья Теренченко: «Ендігі мәселе - Арыс қаласын қалпына келтіру»

Нұр Отан партиясының хатшысы Илья Теренченко жарылыс болған күні зардап шеккендерге көмек ретінде азық-түлікке басымдық берілсе, қазіргі уақытта қираған үйлерде қалпына келтіру үшін құрылыс материалдарына да басымдық беріліп жатқанын жеткізді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз жиынында айтты, – деп хабарлайды Ұлт ақпарат.

«Кеше Алматыдан 100 тонна құрылыс материалы жіберілді. Көлік құралдарын партиялықтар мен кәсіпкерлер ұсынуда. Қазіргі уақытта 600 миллион теңге ақша жиналды. Бірыңғай есепшотты бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желі арқылы жариялаған болатынбыз» дейді Илья Теренченко.

Айта кетейік, Nur Otan партиясының хатшысы Арыс тұрғындарының мазасын қашырған сауалға жауап берген болатын. Осы жиында Тамара Дүйсенова азаматтарға үй мен қаражат беру, басқа қалаларға көшіру мәселесі қаралып, сонымен қатар  апаттан зардап шеккен азаматтарға 4 жақтан көмек беріліп жатқанын айтты.