06 нау, 2026 сағат 10:54

Илхам Әлиев Иран дронының шабуылын «террорлық әрекет» деді


Фото: Ашық дереккөзден

Илхам Әлиев Иран дронының шабуылына қатысты пікір білдіріп, оны «террорлық әрекет» деп атады, деп хабарлайды Ult.kz.

«Иран тарапы болған оқиғаға байланысты Әзербайжаннан түсініктеме беріп, кешірім сұрауы тиіс. Ал бұл террорлық әрекетті ұйымдастырғандар заң алдында жауап беруі қажет», — деді ол.


Сондай-ақ айта кетейік, Әзербайжан билігі бұл халықаралық нормаларды бұзу деп бағалап, болған жағдайға жауап шараларын қабылдау құқығын өздерінде қалдыратынын мәлімдеді. 

Бұл жағдайға қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев та мәлімдеме жасап, Иранның Әзербайжанға жасаған шабуылын айыптаған болатын.

Президент мұны «бауырлас Әзербайжан халқына қарсы жасалған әрекет» деп бағалады.

Еске салайық, бұған дейін Иран дроны Нахчыван қаласындағы әуежай маңына құлаған болатын. Мәліметке сәйкес, ұшқышсыз аппараттардың бірі халықаралық әуежай ғимаратына соққы жасаған, ал тағы бірі Шекерабад ауылындағы мектептің жанындағы аумаққа түскен. Шабуыл салдарынан екі адам жарақат алды.