13 мам, 2026 сағат 11:18

ІІМ оқушылар мен студенттерге ескерту жасады

Фото: Polisia.kz

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жазғы демалыс қарсаңында оқушылар мен студенттерге үндеу жасап, интернеттегі күмәнді табыс көздерінен сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, демалыс кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «жеңіл әрі тез табыс» ұсынатын хабарламалар көбейеді. Алайда олардың артында есірткі тасымалдау, тарату немесе жарнамалау секілді заңсыз әрекеттер тұруы мүмкін.

ІІМ мұндай әрекеттердің ауыр қылмыс саналатынын ескертті. Ведомство мәліметіне сәйкес, есірткіге қатысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Кей жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қуандық Әлжанов жастарды күмәнді ұсыныстардан бірден бас тартуға шақырды.

– Бір ғана «жеңіл табыс» бүкіл өміріңізге әсер етуі мүмкін. Еркіндік ақшадан қымбат, ал болашақ уақытша пайдадан маңызды, – деді ол.


ІІМ жастарға саналы таңдау жасап, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.