31 шіл, 2025 сағат 12:35

ІІМ ескертеді: Интернеттегі фейк пен арандатушылық үшін жаза күшейтілді

Фото: ашық дереккөз

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде әдейі жалған ақпарат тарату фактілері көбейіп келеді. Мұндай әрекеттер қоғамда тұрақсыздық тудырып, сенімсіздік пен жанжалға себеп болуда. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарға ескерту жасады: фейк тарату — қылмыстық жауапкершілікке әкелетін іс-әрекет. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.

Жалған ақпарат таратқандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында жалған ақпарат тарату дерегі бойынша 47 қылмыстық іс тіркелген. Мысалы, Түркістан облысында азамат шетелдік инвесторларға жер берілді деген жалған мәлімет таратып, сот үкімімен жауапқа тартылды.

Жазасы — 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Жарты жылдың ішінде бұл бағытта 64 қылмыстық іс қозғалып, 15 адам сотталды.

Мәселен, Абай облысының тұрғыны TikTok-та ұлтына қатысты балағат сөздер айтылған видео таратса, Қызылорда облысында азамат діни алауыздықты қоздырғаны үшін жауапқа тартылды.

2025 жылдың алғашқы алты айында 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау облысында тұрғын дамба қирады деген видео жарияласа, Петропавлда белсенді түрмеде отырғандарға қатысты жалған ақпарат таратқан. Олардың бәрі бірнеше тәулікке қамалды.

— Әр азамат ақпаратты таратпас бұрын оның шынайылығына көз жеткізуі тиіс.
— Қоғамдық тәртіп пен бейбітшілікті сақтау – ортақ міндет.
— Арандатуға жол берілмеуі тиіс, заң бұзғандар міндетті түрде жауапқа тартылады.