Игорь Рогов Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорына атқарушы директордың орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2017 жылдың 14 желтоқсанында Игорь Рогов Иванович Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорына атқарушы директордың орынбасары болып тағайындалды», деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, 11 желтоқсан күні ол Конституциялық кеңес төрағасы қызметінен босатылған болатын.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры - 2000 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған елдегі ең ірі коммерциялық емес қор.
Қордың жұмысы талантты жастарды қолдап, әлеуметтік жобаларды және азаматтық бастамаларды дамыту, сондай-ақ, бәсекеге қабілетті аналитикалық-сараптамалық орталықты өркендетуге бағытталған.