28 жел, 2017 сағат 11:28

Грузияның Қазақстанға берешегі туралы келісім ратификацияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның Қазақстанға қарызын қайтару туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорданың хабарламасында.