Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер WBA Super тұжырымдамасы бойынша суперорта салмақтағы әлем чемпионы Каллум Смитпен (25-0, 18 КО) жекпе-жекке қатысты келіссөздерді бастады, деп жазады Sports.kz.
Talksport.com журналисті Майкл Бенсон Твиттерде Каллумның промоутері Эдди Хирн Леффлермен келіссөздерді бастағанын растап, жекпе-жектің өтетін күні мен орнын айтқанын жазды.
«Эдди Хирн бүгін Том Леффлермен келесі жылдың мамыр айында «Энфилдте» Каллум Смит пен Геннадий Головкин арасында WBA және The Ring журналының екінші орта салмақтағы титулдары үшін өткізілетін айқас туралы сөйлескенін баяндады», - деп жазды Бенсон Твиттерде.
Еске сала кетейік, қыркүйек айында Смит WBA Super тұжырымдамасы бойынша чемпион атанып, сондай-ақ екінші орта салмақта Бүкіләлемдік бокс суперсериясында (WBSS) жеңіске жетті.