09 сәу, 2022 сағат 20:11

Головкин қарсыласына шапанын сыйға тартты - видео


Орта салмақта WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жапониялық Риота Муратаны (16-3, 13 КО) жеңгеннен кейін оның иығына төл стильдегі шапанын жапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол бұған дейін ешбір қарсыласына мұндай құрмет көрсетпеген болатын.

зіңе құрметім ерекше! Чемпионға тән мінез көрсеттің! Аригато!

Ол чемпион және солай болып қала береді", - деп жазды Головкин Instagram-парақшасында.


Жапон халқы қазақстандық былғары қолғап шеберінің бұл әрекетіне қошемет көрсетіп, ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Головкин Муратаны 9-раундта техникалық нокаутпен жеңген. Жапон боксшысы нокдаун алған кезде оның бұрышы рингке орамал тастаған еді.