#
#
Жұма 14/08/2020

Головкин Деревянченкомен айқастан кейін алғаш рет рингке шықты

  • 14.12.2019
  • 0
  • 728

IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Калифорниядағы спорт залдарының біріндегі бокс рингінде түскен суретін әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" боксшының Twitter парақшасына сілтеме жасап.

GGG өз демеушілерінің бірі - Chivas Regal брендінің промо іс-шарасына және автограф-сессиясына қатысты.

«Рингке шыққан сәттегі сезімге ештеңе жетпейді. Бүгін Chivas Regal-да достарыммен бірге уақытты көңілді өткіздім», - деп жазды Геннадий Головкин.

Еске сала кетейік, 5 қазан күні Нью-Йоркте өткен соңғы жекпе-жекте Головкин украиналық боксшы Сергей Деревянченконы жеңген болатын. Әлем чемпионының келесі айқасы ақпан-наурыз айларына жоспарланған. Оның қарсыласы польшалық Камил Шеремета болуы мүмкін.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар