Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
Алғашқы болып бұл жаңалықты DAZN тілшісі Крис Мэнникс хабарлаған: «Дереккөздер мәліметінде, Головкин мен Муратаның өкілдері Жапонияда бірлескен жекпе-жек өткізу туралы талқылау жүргізген. Жекпе-жек желтоқсанның аяғына, Жаңа жыл және Жапониядағы бокс күні қарсаңына жоспарлануда».
Кейін бұл ақпаратты Головкиннің промоутері Эдди Хирн растады: «Геннадий Муратамен жекпе-жекті 31 желтоқсанға жоспарлап отыр».
Сондай-ақ Хирн бұл жекпе-жекке дейін Головкин америкалық Деметриус Андрадеге қарсы (30-0, 18 КО) орта салмақта тағы бір жекпе-жек өткізетініне сенім білдірді.