Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахметтің «Жетісумен» келісімшарт мерзімі аяқталып, ол «Қайратқа» қайта оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, 20 жастағы Е.Сейдахмет – шабуылшы. Оның соңғы маусымдардағы статистикасы көңіл көншітерлік емес. 2018 жылдың ақпанында ол спорттық мансабында алғаш рет шетелдік клубқа - ресейлік «Уфаға» өтті. Алайда, Сейдахмет онда 4 матч қана доп тепті. Кейін болгариялық «Левски»-ге ауысты. Бірақ онда да нәтиже айтарлықтай болмады: 3 матчта көзге түсе алмады.
Еркебұлан «Қайратта» да аса ерекшеленбеген еді: 15 матчта 1 гол және голмен аяқталған 3 пас.
Ал «Жетісуда» ол 5 матч ойнады: оның бірде-бірінде гол соқпады және допты қақпаға түсіретін пастар бермеді.
Қазіргі уақытта Transfermarkt.de порталы қазақстандық футболшыны 250 мың еуроға бағалауда.