17 қаң, 2022 сағат 18:25

Форт-Шевченко әкімі 15 тәулікке қамауға алынады – видео


Форт-Шевченко әкімі Шалқыбай Әзербаев Түпқараған ауданы сотының шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

"Сот Әзербаевтың Актау – Форт-Шевченко тас жолының үшінші шақырымында жеңіл дәрежеде мас күйінде автокөлік басқарғанын анықтады", - деп мәлімдеді Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі.


Бұл үшін 15 тәулікке қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

"Сот отырысында Әзербаев кінәсін мойындаған жоқ. Ішімдік ішпегенін, ауырғандықтан спиртпен мойнын сүрткенін айтты. Прокурор оны кінәлі деп тауып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік айдау құқығынан айыру жазасын беруді сұрады", - деді соттың баспасөз қызметі.

Сот прокурордың өтінішін қанағаттандырды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.