#
#
Сенбі 08/08/2020

Филиппинде жанартаудың оянуына байланысты мыңдаған адам эвакуацияланды

  • 13.01.2020
  • 0
  • 450

Маниладан оңтүстікке қарай Тааль жанартауы маңындағы ауданда қауіптілік деңгейі бес балдық шкала бойынша екінші деңгейден төртінші деңгейге көтерілді. Манила әуежайы уақытша жұмыс істемей тұр, – деп хабарлайды dw.com.

Жексенбі, 12 қаңтарда Маниладан оңтүстікке қарай 80 шақырым жерде орналасқан Тааль жанартауы оянып, бір шақырым биіктікке күл атқылады. Сан-Николас, Балете және Талисай елді мекендеріндегі алты мыңнан астам адам кетуге мәжбүр болып отыр.

Батангас провинциясында таяу күндері 300 мың адам эвакуациялануы мүмкін. Әзірге табиғат апатынан ешкім зардап шекпеді. Жанартау ауданында магнитудасы 3,9 деңгейге жететін жер сілкінісі тіркелді. Бұл аймақтағы қауіптілік деңгейі бес балдық шкала бойынша бір күннің ішінде екінші деңгейден төртінші деңгейге көтерілді. Манила әуежайы уақытша қызметін тоқтатты.

Сейсмологтардың мәліметінше, таяу уақытта жанартау атқылауы ықтимал.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар