02 ақп, 2018 сағат 09:48

Фидель Кастроның ұлы өзіне қол жұмсады

Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастроның 68 жастағы үлкен ұлы Фидель Анхель Кастро Диас-Баларт өзіне қол жұмсады. 

Ресми дерек көздерінің хабарлауынша, ауыр күйзеліске ұшыраған Фидель Анхель Кастро Диас-Баларт соңғы бірнеше ай бойы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болған. Кастро өлер алдындағы хатын да қалдырып кеткен. 

Естеріңізге сала кетейік, Кастро бүгін таңға жуық өзіне қол салды. Ал, әкесі  Фидель Кастро 2016 жылы 90 жасында өмірден озды.